
Украинада әуе кеңістігінің жабылуына байланысты Air Astana Киевке барлық рейсті 7 наурызға дейін тоқтатады.
Жолаушылар смс арқылы хабарландырылды. 22 ақпан – 7 наурыз аралығында ұшатын рейстердегі билеттер бойынша 31 наурызға дейін тегін күнін өзгертуге және тегін қайтаруға рұқсат. Киев бағытындағы рейстер туралы ақпарат airastana.com сайтында жарияланады.