jasqazaq.kz

Air Astana Киев пен Ыстамбұлға жиіліктерді арттырады

07 қыркүйек 2021, 16:27

7 қыркүйектен бастап әуекомпаниясы сейсенбі күндері «Нұр-Сұлтан-Киев-Нұр-Сұлтан» бағытында қосымша рейс енгізеді. Енді Қазақстан мен Украина астаналары арасындағы рейстер аптасына 3 рет дүйсенбі, сейсенбі және бейсенбі күндері, ал Алматы мен Киев арасында сәрсенбі, сенбі және жексенбі күндері орындалады.

Сонымен қатар, 17 қыркүйектен бастап Алматыдан Ыстамбұлға қосымша жиілік енгізіледі. Осылайша, рейстер жиілігі аптасына 3 рет сейсенбі, жұма және жексенбі күндері болады. Бейсенбіде Нұр-Сұлтаннан Ыстамбұлға бір рейс орындалады.

Cондай ақ, Нұр-Сұлтаннан Лондонға 18 қыркүйектен рейстердің жандануы туралы естеріңізге саламыз. Рейстер аптасына 2 рет сәрсенбі және сенбі күндері орындалады.

Қазіргі таңда Air Astana компаниялар тобы пандемияға дейінгі кезеңмен салыстырғанда халықаралық рейстердің 60% қалпына келтірді.

Сонымен қатар, қыркүйек айында ресейлік жоғары оқу орындарының студенттері мен өзге азаматтар санаттары үшін Алматыдан Санкт — Петербургке чартерлік рейстер ұйымдастырылады. Толығырақ www.airastana.com сайтында.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде