jasqazaq.kz

Air Astana Қазақстанға Vero Cell вакцинасын жеткізді

10 тамыз 2021, 22:47

Air Astana Sinopharm компаниясының Vero Cell вакцинасын Бейжіңнен тікелей тасымалдады. 1 миллион дозаны жеткізу Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты «СК-Фармация» тапсырыс берген екі рейс бойынша жүзеге асырылуда.

Алғашқы бөлігі KC268 рейсімен бүгін Алматыға Boeing 767 жартылай жүк ұшағында сағат 12:30-да келді. Екінші рейс ертеңге, 11 тамыз 13:20-ға жоспарланды. Жалпы салмағы 20 тонналық медициналық жүк 72 сағат ішінде жеткізуге мүмкіндік беретін 2°С-тан 8°С-қа дейінгі температуралық режимді сақтайтын термоконтейнерлерде тасымалданады.

«Air Astana денсаулық сақтау министрлігімен бірігіп, қазақстандықтарға коронавирустық инфекцияға қарсы вакциналардың кең спектрін ұсынуға тырысады. Жаппай вакцинацияның арқасында Қазақстан жақында ұжымдық иммунитетіне қол жеткізіп, елдегі аурушаңдық көрсеткіші айтарлықтай төмендейтініне үміттенеміз»,- деді Air Astana-ның жүк тасымалы жөніндегі басқарушы директоры Жанна Шаяхметова.

2020 жылдан бастап Air Astana жаһандық коронавирустық пандемиямен күресу үшін 1700 тоннадан астам медициналық жүк тасымалдады. Бұл дәрі-дәрмектер, оттегі шоғырлағыштары, ӨЖЖ аппараттары, жеке қорғаныс құралдары және т.б.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия