jasqazaq.kz

Air Astana келешекте кемел қызмет ұсынбақ

08 тамыз 2022, 18:52


Еліміздегі жетекші авиакомпания саналатын Air Astana компаниялар тобының президенті Питер Фостер баспасөз конференциясында БАҚ өкілдеріне өзі басқаратын ұжымның операциялық қызметі жайында, оның дамуы мен келешекте жүзеге асыратын жоспары туралы айтты.

Жалпы жаз мезгілі әуе жолдары үшін сапырылса толатын, навигациялық мезет болып саналады. Дүниежүзінде әуе тасымалын тұтынуға деген жолаушылардың тапсырысы артқан сайын шетін мәселелердің де өрістейтіні белгілі. Халықаралық әуе көлігі қауымдастығы (IATA) деген бар. Осы қауымдастықтың зерттеуі бойынша әлемдегі ірі әуежайларда көлік дждағдарысы туындап, авиакомпаниялардың рейстері кешігіп ұшып-қонып жатыр.
Air Astana компаниялар тобы жазғы маусымдық тасымал бойынша қызметті маусым-шілде айында былтырғыға қарағанда 17 пайызға арттырды. Аспан әлемін еркін мекен еткен құатсардың ақ шарбы бұлтты үстінде алып лайнермен соқтығысуы да компанияның жұмысына айтарлықтай кесірін тигізеді. Осы жылдың өзінде құстың ұшаққа соғылу оқиғасы 63 мәрте тіркелсе, соның ішінде 10 оқиға ұшақтың зақымдануына әсер еткен.
Жасыратыны жоқ, соңғы кезеңде компаниялар тобының ұшақтарының кешігіп ұшуы, мерзімінде қонбау оқиғ,асының жиілегені тұтынушылардың наразылығын туындатқан болатын. Фостер мырза бұған техникалық ақау, жердегі жөндеу, әуежайларыдң қойған талаптары да әсер еткенін атап өтті.
«Осы жазда бәріміз кезіккен құбылыстардың бірі — жаһандық әуе қатынасының қарқынды қалпына келуі. Бұл пандемия кезінде жұмыстан босату мен шығындардың қысқаруына байланысты көптеген еуропалық әуежайларда қызметкерлердің және ресурстардың тапшылығымен бірге әуежайлардың өздері үшін күрделі проблемалар тудырады. Осыған байланысты көптеген жолаушылар рейстің кешігуіне тап болды, сол үшін шын жүректен кешірім сұраймыз. Air Astana-ның бүкіл командасы рейстерді уақтылы орындау көрсеткіштерін жақсарту үшін жұмыс істейді және әрқашан сіздің қауіпсіздігіңіз біздің басты басымдылығымыз болып табылады. Кешігулер санын азайту және қызмет көрсету сапасын арттыру үшін біз рейстер санын қысқарттық және Airbus A320 резервтік ұшағын бөлдік. Сонымен қатар, біз Ақпарат және брондау орталығының штатын үлкейттік, сондай-ақ рейстердің кешігуіне байланысты жедел желісін аштық. Жолаушылар сағат 8.00-ден 24.00-ге дейін +7 7272 44 44 78 нөміріне хабарласуына болады », — деді Air Astana компаниялар тобының президенті Питер Фостер баспасөз жиынында.
Осы жылыдң соңына дейін Air Astana компаниялар тобы осы жылдың соңына дейін екі дана Airbus A321LR ұшағын, FlyArystan әуе компаниясының игілігіне деп 3 дана Airbus A320 neo ұшағын сатып алмақ. Жалпы компания соңғы екі жылыдң ішінде 13 ұшақ әкелген. 2025 жылға қарай тағы 24 әуе кемесі компанияға жеткізілмек. Келешекте компанияллар тобы әуекомпаниясының инженерлік-техникалық базасын нығайту үшін орталықтарда техникалық қызмет көрсетуді, өңірлік базаларды кеңейтуді қолға алмақ. Бас қаламызда ұшқыштарды даярлайтын һәм бортсеріктерді оқытатын арнайы орталық салынбақ. Оқытушылар құрамында толық пилотажды тренажеры болады. Қысқасы жолаушылар үшін, әуе тасымалын тұтынушылардың талабына сай, талғамынан шығатын қызметті ұсыну жолында Air Astana ештеңеден аянбақ емес.

Қуан Қазақ

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде