jasqazaq.kz

Air Astana Германияға рейстерді жандандырады

13 тамыз 2020, 21:22

Air Astana әуе компаниясың Нұр-Сұлтаннан Франкфуртқа тікелей рейстер 2020 жылғы 18 тамызынан бастап аптасына 4 рет, ал қыркүйектен бастап күнделікті қатынайды.

Рейстер жайлы A321LR әуе кемесімен орындалады және Франкфуртқа рейстің ұшу ұзақтығы 6 cағат 20 минутты, кері рейстің ұшу ұзақтығы 5 сағат 45 минутты құрайды.

Эконом кластағы ең төменгі негізгі тариф барлық салықтарды қосқанда екі жаққа 215 191 теңгеден басталады.

Рейстер кестесі Еуропаға және Солтүстік Америкаға ұшатын серіктес әуе компанияларымен барынша тоғысу рейстеріне отыру үшін Франкфуртқа таңғы уақытта ұшып келуге ыңғайланған.

Рейстері бұрын орындалмаған жолаушылар 18 тамыздан орындалатын рейстерге айыппұлсыз қайта брондай алады.

Қазақстаннан келген жолаушылар коронавирусты анықтайтын тестіні жөнелту пунктінде ұшып келгенге дейін 48 сағат ішінде немесе Германияға келгеннен кейін 72 сағат ішінде өтулері керек. Ұшып келгеннен кейін тестіні тапсыру тегін және тестілеу орындар Терминал 1 мен алысқа қатынайтын пойыздар станциясын байланыстыратын жаяу көпірде орналасқан. Ереже транзит аймағынан шықпайтын транзиттік жолаушыларға қолданылмайды.

Қосымша ақпарат https://airastana.com/kaz/kk-kz/ сайтында, «Жоспарлау», одан әрі «Арнайы ұсыныстар» бөлімінде.

Бұдан басқа 17 тамыздан бастап Air Astana Алматыдан Дубайға және Атыраудан Амстердамға, ал 19 тамызда Алматыдан Киевке тұрақты рейстерді қайта қатынайды.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия