jasqazaq.kz

Air Astana Черногорияға тікелей рейстерді іске қосады

24 мамыр 2021, 21:33

2021 жылдың 9 маусымынан бастап Air Astana  Қазақстан мен Адриатика теңіздің жағалауында орналасқан Черногория мемлекетімен жаңа тұрақты әуе қатынасын орнатады. Черногорияның астанасы Подгорицаға рейстер жаңа жайлы Airbus 321LR лайнерімен сәрсенбі мен сенбі күндері Нұр-Сұлтаннан, ал бейсенбі мен жексенбі күндері Алматыдан жүзеге асырылады.

Әуекомпанияның жазғы кестесіне сәйкес, рейстер Нұр-Сұлтаннан сағат 9:00-де ұшып, Подгорицаға сағат 10:55-те ұшып келеді және Подгорицадан сағат 12:00-де ұшып, Нұр-Сұлтанға 21:20-да ұшып келеді. Алматыдан рейстер сағат 07:30 -да ұшып, Подгорицаға 10:25-те ұшып келеді, ал Подгорицадан кері қарай 11:30-да ұшып, Алматыға 21:25-те ұшып келеді.

Екі бағыттағы билеттердің құны салықтарды ескере отырып, эконом-класта 263 200 теңгеден, ал бизнес-класта 763 000 теңгеден басталады. Брондау әуекомпаниясының airastana.com сайтында қол жетімді.

Черногорияға қысқа мерзімді сапар үшін Қазақстан азаматтарына виза қажет емес.

Черногорияға сапар жоспарлаған жолаушыларда 72 сағат бұрын жасалынған ПТР тестің теріс нәтижесі бар анықтамасы болуы тиіс.  5 жасқа дейінгі балаларға және Черногорияда мақұлданған коронавирусқа қарсы вакцинациялаудың толық курсын өткен немесе 30 күннен аспайтын IgC антиденелерге тестінің оң нәтижесі бар жолаушыларға анықтама керек емес.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде