jasqazaq.kz

Air Astana Бішкекке ұшу жиілігін арттырады

09 қараша 2021, 11:32

Air Astana Нұр-Сұлтан мен Бішкек арасында тұрақты рейстерді 17 қарашадан бастап жандандыратыны туралы хабарлайды. Рейстер Embraer E190-E2 лайнерлерімен сәрсенбі мен жексенбі күндері жүзеге асырылып, желтоқсанда дүйсенбі мен жұма күндеріне арттырылады. Алматы мен Бішкек арасында тікелей рейстер күн сайын орындалады.

Embraer E190-E2 ұшақтары премиум-эконом және эконом-класс жинағында ұсынылады. Премиум эконом-кластың артықшылықтары қатарында: рейске басым тіркелу, отырғызу және түсіру, жолжүктің ұлғайтылған мөлшері, бизнес-кластың күту залдарына кіру, бизнес-класс тамағы және сусындардың кең таңдауы.

Бішкекке сапар жоспарлаған жолаушылардың, сонымен қатар Қырғызстан Республикасы азаматтарының, транзиттік жолаушылардың және 6 жастан ересек балалардың, ПТР теріс нәтижелі сертификаты болуы қажет. Сертификат ПТР алынған сәттен бастап Бішкекке рейс келгенге дейінгі 72 сағат ішінде жарамды. Бұл талап толық вакцинаяциядан өткен жолаушыларға қойылмайды.

Санитарлық талаптар туралы толық ақпарат әуекомпания сайтында.

17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр