jasqazaq.kz

Air Astana Азиядағы жетекші әуе компания болып танылды

28 шiлде 2020, 18:26

Штаб-пәтері Нидем қ. (АҚШ) орналасқан TripAdvisor әлемдегі саяхаттар туралы ең ірі сайты Air Astana әуе компаниясын үш жыл қатарынан Азиядағы жетекші әуе компаниясы деп мойындады.

TripAdvisor Travellers’ Choice Award cыйлығының басты өлшемшарты – ай сайын 463 млн. адам кіретін сайт пайдаланушылардың шоғырланған пікірі.

Әуе компаниясы «Азия аймағындағы тасымалдаушы» және «Жолаушы жайлылығы» санаттарында жеңімпаз атанды. Туристер компания туралы 2019 жылдың қаңтар мен желтоқсан аралығында 1300 астам пікір қалдырды және бес балдық шкаласы бойынша орташа бағасы 4 балға тең. Саяхаттаушылар борттағы қызмет көрсетуді, салондағы тазалықты, тамақ пен сусындарды, орнының жайлылығы мен ара қашықтықты, баға мен сапаның үздік ара қатысын, тіркеуді және борттағы ойын-cауық жүйесін жоғары бағалады.

«Біз жолаушыларға еңбегімізге тәуелсіз және жоғары баға бергендеріне алғыс айтамыз , — деді компания президенті Питер Фостер. –Экипаждарға және борттағы жоғары деңгейдегі сервисті қамтамасыз етуге қатысы бар әріптестерімізге дән ризамыз».

Air Astana туралы пікірлерге сілтеме: https://www.tripadvisor.com/Airline_Review-d8728936-Reviews-Air-Astana

Жеңімпаз әуекомпаниялардың толық тізіміне сілтеме: https://www.tripadvisor.com/TravelersChoice-Airlines-cAsia

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия