jasqazaq.kz

Air Astana әуекомпаниясын IPO-ға шығару кейінге шегерілді

28 маусым 2022, 19:15

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры Air Astana әуекомпаниясын IPO алаңына шығару мәселесін кейінге шегерді. Бұл туралы  ҚазАқпарат хабарлайды.

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиевтің айтуынша, барлық портфельдік әуекомпания арасында «AirAstana» IPO-ға барынша дайындалды.

Бірақ әлемдегі қазіргі жағдайға, соның ішінде Еуразияның еуропалық бөлігіндегі қақтығысқа байланысты биыл IPO-ға шықпау және келесі инвестициялық мүмкіндікті күту туралы шешім қабылданып отыр.

«Бұл ретте біз компанияның капиталына белгілі бір шарттарды ұсына алатын әлеуетті, стратегиялық инвесторлармен белсенді жұмысты бастап кеттік», — деп түсіндірді ұлттық қор басшысы.

Еске сала кетсек, биыл мамырда «Самұрық- Қазына» әл-ауқат ұлттық қорының басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиев AirAstana-ны IPO-ға шығару туралы шешім жазда қабылданатынын хабарлаған еді.

 

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде