
Тікелей рейстер 16 наурыздан бастап Алматы мен Тбилиси арасында сейсенбі, жұма және жексенбі күндері орындалады.
Рейс КС 139 Алматыдан сағат 07:40 ұшып шығып, Тбилисиге сағат 09:55 ұшып келеді. Тбилисиден рейс KC 140 сағат 10:55 ұшып шығады, Алматыға сағат 16:35 ұшып келеді.
Алматы-Тбилиси рейсінің ұзақтығы 4 сағат 15 минут, Тбилиси – Алматы рейсінің ұзақтығы – 3 cағат 40 минут.
Эконом-кластың ең төменгі жүксіз тариф екі жаққа, барлық алымдарды қосқанда, 134 044 теңге, ең төменгі жүк тарифі 146 579 теңге, бизнес-кластың ең төменгі тарифі 368 030 теңге болады.
Грузияға келген барлық жолаушылар коронавирус жоқтығын растайтын анықтамасын ұшып шыққанға дейінгі 72 сағаттан аспай алуы керек. Сондай-ақ осы елдің аумағына үш күннен кейін туристер тағы бір тесттен өтулері тиіс. Нәтижелерді елден шыққанша сақтауға кеңес береміз. Туристерге Грузияда карантиннен өтуге керек емес.
Грузия азаматтарында да Қазақстанға кіру үшін 3 күннен бұрын алынбаған ПТР-тестінің анықтамасы болуы керек.