
Air Astana Cargo жартылай жүк ұшағы болып жабдықталған үш Boeing 767-300KYER әуелайнерін пайдалануды жоспарлап отыр. Мұндай шешімді компания тобының басшылығы COVID -19 індетінен туындаған дағдарысқа қарсы шара ретінде және жүк тасымалына артқан сұранысқа себепті қабылдады.
Қазіргі таңда Алматыдағы инженерлік-техникалық орталығында алғашқы Boeing 767-300KYER ұшағының жолаушылар салонында қайтадан жабдықтау жұмысы жасалып жатыр. Жолаушылар салонындағы кеңістікті барынша тиімді пайдалану үшін салондағы креслолар, арақабырғалар мен гардероб алып тасталған. Сондай-ақ, қызметті атқару үшін техникалық құжаттаманы келісу және Қазақстанның авиациялық билігі тарапынан рұқсаттамаларды алу процессі басталды.
“Індет кезінде Қазақстанға, Еуропа және Орталық Азия елдеріне медициналық бұйымдар мен жабдықты тасымалдауға сұраныс пайда болды. Мұндай жүкті тасымалдау үшін Air Astana Cargo бөлімшесі Boeing 767-300KYER арнайы дайындалған жолаушылар ұшағын пайдалануда. Бүгінге дейін жүк жолаушылар орындарында тасымалданған болатын, сондықтан оның салмағы мен көлемі ЕASA (Авиациялық қауіпсіздігі бойынша еуропалық агенттігінің) ережелері бойынша шектелген. Ендігәрі жартылай жүк ұшағында тасымалдайтын жүктің көлемін ұлғайтып, клиенттерге икемдірек шарттар ұсына аламыз”, – дейді Air Astana-ның жүк тасымалын сату бойынша директоры Жанна Шаяхметова.