jasqazaq.kz

Air Astana APEX аудитінің нәтижесі бойынша Гауһар мәртебесін алды

19 мамыр 2021, 11:30

Air Astana алғашқылардың бірі болып APEX аудитінен өтіп, гауһар мәртебеге ие болды. Бұл аудитті APEX SimpliFlying компаниясымен бірге ұшу кезінде COVID-19 вирусының таралуын тоқтату және азайту мақсатында жасап шығарды.

Аудит жолаушылар мен экипажды ұшар алдында тестілеу, жолаушыдан вирус анықталған жағдайда онымен қатынасқан адамдарды бақылау, жердегі іс-шаралар, ұшу кезіндегі қауіпсіздік ережелері мен рейс алдындағы тазалау жұмыстарының сапасы сынды шарттарды қамтиды.

Аудитор әлеуметтік қашықтықтың сақталуы, міндетті термометриядан өту, бетперде тағу сияқты басқа да талаптарды бағалады. Air Astana бортсеріктері міндетті түрде әр үш сағат сайын бетперде ауыстырады, қызмет көрсетер алдында және ұшу барысында қолдарын зарарсыздандырады, жолаушылардың басқа орынға отырмауын қадағалайды және басқа да ережелерді бақылауда ұстайды. Пандемия салдарынан әуекомпания бортындағы тазалау жұмыстары үлкен өзгеріске ұшырады. Қазір әр рейс алдында ұшақ салоны мен ас үйіндегі барлық жабдықтың беті зарарсыздандырылады. Бұл ұшақтың негізгі және жедел тазалауына кіреді.

Жолаушылардың денсаулығына қауіп төндірмеуді әрі қарай дамыту үшін SimpliFlying медицина мен ғылыми қызметкерлерден тұратын жұмыс тобын құрды. Олар COVID-19 вирусының таралуына қарсы тұратын соңғы зерттеулерді зерделеу үшін жиі бас қосып тұрады. Әуекомпания өз кезегінде аудит кеңестеріне сай қажет жағдайда жолаушылардың қауіпсіздік деңгейін жоғарылатуға қатысты жаңа талаптарды енгізіп тұрады.

“Пандемияның әлемдік әуе транспортына тигізген салдары көп. Әуекомпаниялары рейстерді үкіметтердің санитарлық талаптары мен кеңестеріне толықтай сүйеніп орындайды, сондықтан әуе саяхаты әлі де қауіпсіз болып қала бермек. Бұл бағдарлама ғылыми негізделген талдау негізінде салада жаңа стандарт қалыптастыруға мүмкіндік береді. Біздің әуекомпаниямыз ТМД мен Оңтүстік-Шығыс Азиядағы аудиттің ең жоғары бағасы — гауһар мәртебе алған алғашқы компания болғанына қуаныштымыз”, — деді Бортта қызмет көрсету бойынша вице-президент Маргарет Фелан.

Бұл аудиттен өткен әуекомпаниялар қатарында Turkish Airlines, Qatar, United, Delta, Etihad, Singapore Airlines-мен бірұе басқа да жетекші компаниялар бар.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде