jasqazaq.kz

Air Astana Алматыдан Бакуге тікелей рейстерді жандандырады

01 қараша 2021, 15:12

Air Astana әуе компаниясы Әзірбайжан астанасына тұрақты рейстердің қалпына келтіруі туралы қуана хабарлайды. Ұшулар 2021 жылдың 7 қарашасынан бастап аптасына 2 рет бейсенбі және жексенбі күндері орындалады.

Бейсенбі күні Алматыдан 11:05-те ұшады, Бакуға 12.55-те жетеді. Бакудан қайтар рейс 13:55-те, Алматыға 19:05-те келеді.

Жексенбі күні Алматыдан 18:55-те ұшады, Бакуға 20.50-де жетеді. Бакудан қайтар рейс 21:50-де, Алматыға 03:05+-те жетеді.

Бакуға дейін рейс 3 сағат 50 минутқа дейін және қайтар рейс 3 сағат 10 минутқа дейін созылады.

Әуежай, жанар-жағармай және басқа да салықтарды қосқанда екі бағыттағы эконом-кластағы билеттер құны 172 300 теңгеден басталады.

Бакуға ұшатын Қазақстан азаматтарында, сондай-ақ Әзірбайжанның резиденттері емес жолаушыларда, ұшуға дейін 72 сағат ішінде вакциналау төлқұжаты, сондай-ақ теріс нәтижесі бар ПТР тестінің сертификаты болуы керек. Бір жастан 18 жасқа дейінгі балаларға тек ПТР тестінің теріс нәтижесі туралы сертификат қажет.

Әзірбайжан азаматтарына, Әзірбайжандағы дипломатиялық өкілдіктер мен консулдықтардың қызметкерлеріне және олардың отбасы мүшелеріне және басқа санаттағы азаматтарға ұшуға дейін 72 сағат ішінде жасалған теріс нәтижесі бар ПТР тестінің сертификаты қажет.

Қазақстанда вакциналаудан өтпеген жолаушыларда Қазақстанға келгенде 3 күн бұрын алынған ПТР тестінің теріс нәтижесі бар анықтамасы болуы керек.

Талаптар туралы толығырақ мына жерден оқыңыз:

https://airastana.com/kaz/kk-KZ/Брондау-және-басқару/Брондау/Арнайы-ұсыныстар/Бакуға-ұшатын-рейстер

Алматы мен Баку арасында эконом және премиум эконом-классы бар Embraer 190-E2 ұшақтары қатынайды.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде