jasqazaq.kz

Air Astana Алматы мен Нұр Сұлтан арасында қайта қатынай бастайды

02 мамыр 2020, 10:10

Air Astana әуекомпаниясы Алматыдан Нұр-Сұлтанға тұрақты рейстерді 2020 жылдың 1 мамырынан қайта орындай бастайтыны туралы қуана хабарлайды. Ұшулар әзірше күніне 3 рет Airbus 320/321 және Embraer E190-E2 ұшақтарымен орындалады. Төтенше жағдай режимі аяқталғаннан кейін Air Astana мен FlyArystan өзге ішкі бағыттар бойынша қатынайды.

Жолаушылардың қауіпсіздігі мен денсаулығын қамтамасыз ету үшін Air Astana Қазақстан Республикасының көлік саласындағы бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің 2020 жылғы 27 сәуірдегі № 2 қаулысында белгіленген шараларды қолданады. Құжатқа сәйкес, жолаушылар рейске бетперде киіп келуі керек және оларда ПЦР тестінің теріс нәтижесі көрсетілген анықтамасы болуы керек. Олар сондай-ақ түйіспесіз температураны тексеруден өтеді. Барлық рәсімдерді орындау үшін жолаушылар ұшуға 2 сағат бұрын әуежайда болуы керек. Салонда арнайы отырғызу шарасы қолданылады. Ұшақтағы тамақ бірреттік ыдыста ұсынылады. Тамақтанғаннан кейін жолаушылар бетпердені сапар аяқталғанша киюі тиіс.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия