jasqazaq.kz

Air Astana Алматы-Батуми бағытында жаңа рейс ашады

14 сәуiр 2021, 10:19

Ұлттық тасымалдаушы 15 мамырдан бастап аптасына 3 рет, дүйсенбі, сәрсенбі және сенбі күндері Алматыдан Батумиге тұрақты рейстер орындайды.

Рейстер Airbus A320 лайнерлерімен жүзеге асырылады.

Дүйсенбі мен сәрсенбіде KC 169 рейсі Алматыдан сағат 12:00-де ұшып, Батуми қаласына 14:30-да келеді. КС 170 кері рейсі Батумиден 15:30-да ұшып, Алматыға 21:35-те келеді.

Сенбіде Алматыдан рейс 09:30-да ұшып, Батумиге 12:00-де келеді. Кері рейс Батуми қаласынан 13:00-де ұшып, Алматыға 19:05-те келеді.

Алматы-Батуми рейсінің ұзақтығы — 4 сағат 30 минут, ал Батуми-Алматы рейсінің ұзақтығы — 4 сағат 5 минут.

Барлық салықтарды қоса алғанда, барып қайту билеттерінің бағасы эконом-класта 131 000 теңгеден, бизнес-класта 285 035 теңгеден басталады.

Билеттерді әуе компаниясының www.airastana.com сайтында, туристік агенттіктерде, әуекомпанияның сату кеңселерінде, сондай-ақ Брондау және ақпарат орталығының тел. + 7 (727) 244 44 77, + 7 (717) 2 58 44 77 және + 7 702 702 44 77 телефондары арқылы сатып алуға болады.

Грузияға сапар жоспарлаған жолаушылар материал алынған сәттен бастап 72 сағат ішінде жарамды теріс нәтижесі бар ПТР сертификатын ұсынуға міндетті.

Коронавируска қарсы толық курсын (екі доза) вакцинасын алған жолаушылар Грузияға ПТР тестсіз кіре алады.

Қазақстанға шетелден келетін жолаушыларда, Қазақстан азаматтарын қоса алғанда, коронавирустың жоғын растайтын жарамды ПТР анықтамасы болуы керек. Анықтама жарамды болып саналуы үшін, ол нәтиже берілген күннен бастап Қазақстанның шекарасын өтуге дейінгі 3 күн ішінде берілуі қажет.

Екі елге кіруге санитарлық талаптар әуе компанияның сайтында жарияланған

https://airastana.com/kaz/kk-KZ/Жоспарлау/Арнайы-ұсыныстар/Жаңа-бағыт-Батуми

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде