KC972 рейсі Шымкенттен Алматыға 9 шілде күні жергілікті уақыт бойынша 10:00 ұшты. Анасы мен 9 жасар баласы ұшақтың бизнес класына отырды. Ұшу ұзақтығы 1 сағат болған.
Баланың ауыр жағдайы мен диагнозы туралы ақпарат әуекомпаниясына алдын ала берілмеген. Баланың анасы мүгедектер арбашасын тек отырғызу кезінде ғана сұраған және баланың денсаулығы туралы айтпаған.
Ұшу кезінде баланың жағдайы кенет нашарлап, өңі бозарды. Бортсеріктер көмек көрсету ережелеріне сәйкес ұшақта дәрігер бар-жоғын анықтап сұрады. Дегенмен медицина қызметкерлері болмай шықты. Сол кезде ережелерге сәйкес, бортсеріктер балаға оттегі маскасына қосып, алғашқы көмекті көрсетті. Ұшақ қонарда баланың жағдайы нашарлағандықтан дефибриллятор қолданып, жүрек-өкпе реанимациясы жасалды.
Әуе кемесінің командирі апаттық жағдай туралы жариялап, Ішкі Істер Басқарамасына хабарлама берді. Оның сұранысы бойынша ұшаққа қонуға басымдық беріліп, жедел жәрдем дәрігерлері қарсы алды. Өкінішке қарай, осыған қарамастан, бала қайтыс болды.
Кейінірек балада қатерлі ісік болғаны анықталды.
Оқиғаға байланысты тиісті органдар тексеріс жүргізеді.
Аir Astana баланың туыстары мен жақындарына көңіл айтады. Компания басшылығы оқиғаға қапалы.
Әуекомпанияның барлық экипаждары алғашқы көмек көрсету бойынша жаттыққаны туралы жолаушылардың есіне саламыз. Әр ұшақта медициналық құралдар мен алғашқы көмекке қажет дәрі-дәрмек бар. Дәрі-дәрмек қобдишасы толықтай регламентке сай. Бірақ кейбір дәріні қолдану үшін дәрігер нұсқаулығы қажет. Ол үшін экипаж ұшақта дәрігер бар-жоғын анықтайды. Сонымен қатар жолаушылар ұшуға қарсы көрсетімдер, қатерлі ауру мен жолаушы денсаулығы мен өміріне қауіп төндіретін жағдай туралы алдын ала хабарлауы керек екенін еске салады.
Air Astana-ның корпоративтік коммуникациялар департаменті