jasqazaq.kz

Air Astana 2020 жылғы EBITDAR-дың құлдырауынан кейін көрсеткіштерді жақсартып жатыр

01 наурыз 2021, 11:07

Air Astana-ның 2021 жылғы қаңтар мен ақпандағы қаржы көрсеткіші 2017 жылдан бері ең жоғары деңгейіне жетті. Былтыр пайда (EBITDAR*) 33,1 млн АҚШ доллары көлеміне дейін төмендеп, 2019 жылдағы көрсеткішінен 81%-ға қысқарған болатын. Коронавирус індеті кесірінен толық немесе жартылай локдаун салдарынан, 2020 жылы тасымалдау көлемі 47%-ға, ал компания табысы 55%-ға төмендеді. Тасымалданған жолаушылар саны 28%-ға, яғни 3,7 млн. адамға дейін азайды.

Жыл қорытындысына қатысты әуекомпания президенті Питер Фостер былай деді: «Індеттін халықаралық саяхаттарға деген кері әсері айдан аңық болса да, әуе компаниямыз өз тұрақтылығын сақтап қала алды. Мамыр айында ішкі рейстер қайта жалғасып, FlyArystan бюджетті бөлімшеміздің жолаушылар саны 110%-ға өсті. Бір Boeing 767 ұшағын жүк ұшағына айналдыру арқасында әуе жүк тасымалының көрсеткіші де артты. Халықаралық бағыттардың біртіндеп қайта ашылуы мен жаңа курорттық бағыттардың ашылуы да өткен жылдың соңғы аптасында табыс деңгейінің және жүктеме коэффицентінің ұлғаюына алып келді. Бұл үрдіс биыл да сақталып, осы жылға жақсы мүмкіндіктер болжауға негіз беріп отыр».

Жақында Air Astana Мәскеу, Дубай, Ташкент, Франкфурт, Сеул, Бішкек, Киев, Ыстанбұл, Анталья мен Шарм-эль-Шейхке рейстерін қайта жалғастырып, сонымен қатар Мальдив аралдары, Матталаға (Шри-Ланка) және Хургадаға (Мысыр) қатынай бастады. 2020 жылы әуекомпания Boeing 757 пен Embraer 190 ұшақтарын өз әуе флотынан шығарып тастады. Енді негізгі халықаралық рейстерде әуекомпания Airbus 321 Long Range бен заманауи Boeing 767-ті қолданады. Питер Фостер «індет салдарынан кейін нарықтың баяу қайта қалпына келуіне қарай әуекомпанияның бағыттар желісінің елеулі жаңартуы мен жоғары қызмет көрсету деңгейі өз пайдасын келтіреді» деді.

*EBITDAR – жалдау төлемге, амортизацияға, тозуға, пайызға, салыққа дейінгі пайда

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия