Air Astana әуекомпаниясы 2020 жылғы 1 мамырдан Алматы мен Нұр-Сұлтан арасында күніне 3 рет: таңертең, күндіз және кешке тұрақты рейстер орындауды бастайды. Рейстер санитарлық нормалардың бәрін сақтай отырып орындалады: жолаушылар да, экипаж мүшелері де бетперде тағады, әр рейстен кейін ұшақ салонына дезинфекция жасалады, салонда антисептик құралдар болады және жолаушылар арасындағы қашықтық сақталады. Билеттер және рейстер кестесі бүгін әуекомпаниясының сайтында және Ақпарат және брондау орталығының +7 (727) 2 444477 және +7 (7172) 584477 нөмірлері арқылы қолжетімді болады.
Коронавирус таралуына байланысты рейстері 11 мамырға дейін немесе одан да кейінге шегерілген жолаушыларға ұшу күнін ауыстыруына немесе билет құнын айыппұлсыз толық қайтарып алуына болады.