jasqazaq.kz

Аида Балаева: Журналистер дайындаудың жаңа жүйесі қалыптасады

05 маусым 2020, 14:58

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева отандық БАҚ саласын дамыту мәселелеріне арналған дөңгелек үстел жиынында Ұлттық жоспар аясында отандық ақпарат кеңістігін дамытудың бір бағыты ретінде адами капиталды дамытуды атады.

– Ең алдымен бұл кадрларды даярлау жүйесіне қатысты мәселе. Бұл жерде әңгіме кадр сапасына баға беруде емес, жаңа да жасампаз жол іздеп, деңгейін көтеруде. Жасыратыны жоқ, дәл қазіргі кезде бізде экономика, медицина, қаржы жүйесі және тағы да басқа күрделі тақырыптарды алып жүретін білікті журналистер жоқ.

Редакциялар мұндай міндетті жалпы тәжірибесі бар мамандарға жүктеуге мәжбүр. Нәтижесінде, сапасыз контент, қате ақпарат тарап жатады. Сондықтан да бұл мәселелерді шешуде Ұлттық жоспар аясында құрылатын мультимедиялық білім беру тұғырнамасы үлкен роль атқаратын болады, – деді Аида Балаева.

Министр осының ішінде жас мамандарға арналған гранттық бағдарламаларды ерекше атап өтті. Оны әзірлеуге және іске асыруға журналистика және білім беру саласындағы жетекші сарапшылар тартылмақ.

ҚазАқпарат

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде