jasqazaq.kz

Аида Балаева: Салалық журналистиканы дамытуда маңызды кезең басталады

21 қантар 2021, 15:35

Алғашқы 50 журналист осы жылдың ақпан айында Санжар Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық университетінде оқи бастайды.

Ведомствоның мәліметінше , бүгін Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева Алматыдағы Санжар Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университетінде болды. Еске сала кетейік, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі ҚазҰМУ-мен қол қойылған салалық журналистиканы дамыту жөніндегі ынтымақтастық туралы меморандумды жүзеге асыра бастады. Кездесудің негізгі күн тәртібі — 2020-2021 жылдарға арналған медиа саланың мамандарын даярлаудың арнайы жоспарын талқылау. Кездесу нәтижесінде, 2021 жылы ақпанда университет базасында жеке және мемлекеттік БАҚ-тың 50-ден астам журналистері медицина бойынша жоғары сапалы материалдарға қол жеткізу үшін біліктілік пен білім деңгейін көтеру бойынша жұмысты бастау жөнінде университет басшылығымен нақты келісім жасалды.

Аида Балаева салалық журналистиканы дамыту бойынша жұмыстың маңызды кезеңі басталатындығына назар аударды. Министр оқыту барысында жаттықтырушылар ретінде журналистика мен медицина саласының жетекші мамандары белсенді жұмыс жүргізуі керек екенін баса айтты. 2021 жылы салалық журналистерді оқыту бойынша кешенді жұмыс жүргізілетін болады. Осы жұмыс шеңберінде белгілі бір салада мамандарды даярлау бөлігінде медиа саладағы заманауи тенденциялар мен бұқаралық ақпарат құралдарының сұраныстарын бақылау, мультимедиялық білім және ақпараттық платформа құру, ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді оқыту курстарын өткізу бойынша іс-шаралар жүргізіледі.

ҚазАқпарат

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия