jasqazaq.kz

Аида Балаева: Президент Жолдауының ел дамуына жаңа серпін беретіні анық

04 қыркүйек 2020, 14:01

Елордада ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваның қатысуымен ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауын талқылау мақсатында зиялы қауым өкілдерімен дөңгелек үстел өтті.

«11 бағыттан тұратын жолдаудағы ең басты бағыт, ол елдің әл-ауқатын жақсарту. Президент Жолдауының ел дамуына жаңа серпін беретіні анық. Жолдау аясында ұйымдастырылатын шаралардың барлығы да қарапайым халықтың ертеңі үшін. Сондай-ақ, Президент өз Жолдауында Абай атамыздың кезінде айтып кеткен даналық сөздерін бүгінгі заманмен байланыстырды. Яғни адамдардың бойындағы теріс әдеттер туралы. Оның ішінде ысырапшылдық, дарақылық, жауапсыздық, салмағы жоқ салт пен дәстүр. Бұл теріс қылықтардың барлығынан біз толықтай арыла қойған жоқпыз», — деді А. Балаева отырыста.

Министрдің айтуынша, халықтың сана сезімін жаңғыртып, ұлттың жаңа болмысын қалыптастыруымыз керек.

«Сондықтанда Мемлекет басшысы айтып өткен жаңа қасиеттердің барлығын әрбір қазақстандық азаматтың өз бойына сіңіре білгені жөн. Жолдауды іске асыруда көптеген міндет күтіп тұр. Осы мақсатта бүгін ағарту өкілдерімен кездесіп, жұмысты қалай ұйымдастырамыз, қандай іс-шаралар қолданамыз және ақпарат жұмыстарының мазмұнын қалай өзгертеміз деген сұрақтарға жауап іздеп, талқыға салуды жөн санадық», — деді ол.

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі ұйымдастырған дөңгелек үстелге еліміздің зиялы қауым өкілдерінен бөлек, БАҚ-ның басшылары мен өкілдері қатысты.

ҚазАқпарат

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде