jasqazaq.kz

Аида Балаева: Кәсіби журналистиканың дамуына мүдделіміз

11 қараша 2020, 11:27

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева «Astana Media Week 2020» ашылуында сөз сөйледі.

«Қазіргі уақытта бір адамның өзі ғана ақпарат көзіне айналатын уақыт келді. Өкінішке қарай кейде осындай адам шынайы ақпарат бермей, бүкіл елді адастыруы мүмкін. Сол үшін кәсіби журналистиканың дамуына мүдделіміз. Осынау міндет жаңа тегеуріндерге қарай күрделеніп бара жатқанын да атап өту керек. Мен ең алдымен журналистер шынайы әрі шұғыл ақпараттың қаншалықты маңызды екенін түсінсе деймін. Жалпы пандемия ақпарат саласына өз әсерін тигізді. Яғни, жарнама берушілер азайып, шығарылымдардың данасы түсіп кетті. Осындай жағдайда көптеген бұқаралық ақпарат құралдары жабылуға мәжбүр болды», — деген Аида Балаева.

Министрдің айтуынша қазіргі БАҚ-тар арасында оқырман мен көрермен ықыласын аудару бәсекесі жүріп жатыр.

«Сондықтан әрбір арна сапалы әрі қызықты контент жасауды ойлайды. Әлеуметтік желілер арқылы жұмысын көрсетуге тырысады. Бұл ретте біздің БАҚ жоғары біліктілігі мен бәсекеге қабілеттілігін көрсетіп келеді. Олар өздерінің аудиториясы әр уақытта қызықты болуын тілеймін», — дейді Аида Балаева.

ҚазАқпарат

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия