jasqazaq.kz

Аида Балаева: Бейбіт жиналыстар туралы заң жобасы қоғам талабына сай келеді

20 мамыр 2020, 14:54

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева «ҚР-да бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» заң жобасының әзірленуіне белсенді атсалысқан депутаттар мен азаматтық қоғам өкілдеріне алғысын білдірді.

«Парламент Мәжілісінің депутаттары мақұлдаған «ҚР-да бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» заң жобасы – Президенттің саяси реформалары пакетіндегі басты бастамалардың бірі.

Бейбіт жиналыстарды өткізу еркіндігі біздің елдің Конституциясымен бекітілген. Бұл құқық – демократиялық қоғамның негізгі элементтерінің бірі. Заң жобасы әртүрлі қоғамдық алаңда талқыланып, жұмыс тобының отырысы көп жерде өтті. Парламентте ҮЕҰ өкілдерінің, ғалымдар мен сарапшылардың қатысуымен ашық түрде және кеңінен талқыланды», — деді Аида Балаева заң жобасына қатысты білдірген пікірінде.

Министр заң жобасының ашық талқылаудың арқасында Парламент Мәжілісі мен Сенаты қабырғасында заң жобасы едәуір концептуалдық өзгерістерге ұшырағанын айтып өтті.

«Мақұлданған жобалар халықаралық үздік тәжірибелермен бірге, біздің қоғамның талабы мен сұранысына сай келеді. Заң жобасының әзірленуіне белсенді атсалысқан депутаттар мен азаматтық қоғам өкілдеріне, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесіне алғысымды білдіремін», — деді министр.

ҚазАқпарат

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде