jasqazaq.kz

Аида Балаева: Баяндаманы қазақша да жасаңыздар

17 шiлде 2020, 12:59

Ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі комиссияның отырысында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева баяндамашыларға қазақ тілінде де сөйлеу қажеттігін ескертті.

«Барлық баяндамашыларға айтарым, слайдтың бәрі орысша болғаннан кейін өздеріңіздің баяндамаларыңызды қазақша жасауға болады ғой. Өйткені, бұл жиналысымыз фейсбукте өтіп жатыр. Бұған қоса, біз ақпараттандыру мәселесін айтып отырмыз. Ал мемлекеттік тілде ақпарат жеткілікті емес. Жұмысымыз орыс тілінде жүргізілгеннен кейін халық түсінбей отыр», — деп ескертті министр.

Оның атап өтуінше, баяндамашының слайды орыс тілінде болса, онда баяндамасын қазақ тілінде жасауы қажет.

«Слайдтарымыз орысша жасалса, баяндаманы қазақша жасауға болады. Не болмаса слайдтарды қазақша, баяндаманы орысша жасасақ. Комиссия мүшелері және баяндамашылар осы мәселені қаперде ұстау қажет сияқты», — деді Аида Балаева.

Айта кетейік, Аида Балаеваның төрағалығымен онлайн форматта өткен Ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі комиссияның отырысында мүмкіндігі шектеулі адамдардың ақпаратқа қол жеткізу мәселелері, мемлекеттік органдардың ашықтық деңгейін жыл сайынғы бағалаудың негізгі қорытындылары, мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай тұғырнамасының жұмысы, сондай-ақ «Ашық бюджеттер» порталын жетілдіру бойынша жұмыс жоспарының орындалуы талқыланды.

ҚазАқпарат

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде