jasqazaq.kz

Аида Балаева әкімдікте болған келеңсіздікке қатысты пікір білдірді

25 тамыз 2021, 11:21

24 тамызда Алматы қаласы Алатау ауданының әкімдігінде журналист пен күзетші арасында болған келеңсіз жағдайға қатысты Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева пікір білдірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Алатау ауданының басшысы Азамат Қалдыбековтен сұхбат алмақ болған журналисті күзетшілер күштеп көтеріп алып, далаға шығарып жіберген. Министр әкімдік қызметкерлерінің мұндай әрекетін сынға алып, кінәлі тұлғалар жауапқа тартылуы керектігін жазды.

«Өздеріңізге мәлім, Алматы қаласы, Алатау ауданы әкімдігі қызметкерінің журналист Ақбөпе Тәңірбергенге күш қолданған теріс әрекеті интернет желісінде қызу талқыланып жатыр. Аудандық әкімдіктің жауапты тұлғаларының бұған қатысты еш шара қолданбауы мәселені тіпті ушықтырып отыр. Әрине, бұл өте өкінішті және біздің бүгінгі «еститін мемлекет», «ашық әкімдік» қағидаларына қайшы келетін жағдай. Журналистердің құқығын бұзуға, олардың ресми жұмысына кедергі келтіріп, күш көрсетуге ешқашан жол берілмеуі керек. Олар өздерін қай жерде де еркін сезінуге тиіс. БАҚ өкілдері еліміздің тиісті заңнамалары мен нормативті-құқықтық актілеріне сәйкес қажетті толыққанды ақпарат алуға қай кезде де құқылы. Бұл жағдайға қатысты, Алматы қаласы әкімдігінің басшылығы қызметтік тексеру жүргізіп, тиісті шаралар қабылдауы қажет деп санаймын. Кінәлі тұлғалар жауапқа тартылуы тиіс. Алдағы уақытта қай жерде болмасын, БАҚ өкілдеріне қатысты бұндай келеңсіз жағдайларға жол берілмеуі қажет», — деп жазды Аида Балаева Facebook желісінде.

Белгілі болғандай журналист Ақбөпе Тәңірберген қызмет ететін арна басшылығы да Алатау ауданы әкімдігіне қатысты полицияға шағым әзірлеп жатыр.

Сондай-ақ, журналистің айтуынша, болған жайтқа қатысты әкімдік тарапынан әзірге ешкім кешірім сұраған жоқ.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия