jasqazaq.kz

Аида Балаева АҚШ Елшісімен кездесті

20 қараша 2020, 14:27

Бүгін ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева АҚШ-тың Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Уильям Мозермен кездесті.

Министрліктен мәлім еткендендей, А.Балаева әңгімелесу барысында Қазақстан мен АҚШ екіжақты өзара тиімді ынтымақтастық шеңберінде, атап айтқанда, діни қызметті реттеу, оның ішінде адамның діни сенім бостандығына құқықтарын қамтамасыз ету саласында жақын және сенімді қарым-қатынас орнатуды жалғастырып жатқанын атап өтті.

«Сондай-ақ, ол Қазақстанның отандық медиа-саланы жаңғырту, мықты және бәсекеге қабілетті отандық БАҚ-ты дамыту, мемлекеттің қоғаммен және медиа-нарықтың кәсіби қатысушыларымен диалогы үшін жағдай жасау бойынша ауқымды жұмыс жүргізіп жатқанын атап өтті. Өз кезегінде, Елші министрліктің ақпарат, діни сенім бостандығы және азаматтық қоғамды дамыту салаларындағы қызметін, атап айтқанда, гранттық қаржыландыру аясында ҮЕҰ-ны қолдауды жоғары бағалады. Кездесу соңында тараптар тығыз және өзара тиімді қарым-қатынас орнатуға ниет білдірді», — делінген ақпаратта.

ҚазАқпарат

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия