jasqazaq.kz

Аида Балаева ақпараттың қолжетімділігі қалай артатынын түсіндірді

26 мамыр 2021, 17:11

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева халық алдындағы есептік кездесуінде ақпаратқа қол жеткізу мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған шараларды атады.

«Ақпаратқа қол жеткізу мәселесіне Мемлекет басшысы өзінің Жолдауында ерекше назар аударғаны тегін емес. Ақпаратқа қол жеткізу туралы заң қабылданған сәттен бастап оған тұжырымдамалық өзгерістер енгізілмеген еді. Осыған байланысты, қажетті түзетулер пакеті әзірленді, оған Президент 2020 жылғы 30 желтоқсанда қол қойды», — деген министр тұжырымдамалық түзетулердің басымдықтарына тоқталды.

«Барлық мемлекеттік органдарда ақпаратқа қол жеткізу мәселелері бойынша уәкілетті тұлғалар немесе бөлімшелер айқындалды. Биыл алғаш рет Мемлекет басшысының алдына Үкімет ақпаратқа қол жеткізу саласының жай-күйі туралы есеп енгізіледі. Ақпарат иелерінің тізімі кеңейтілді. Олардың қатарына орталық және жергілікті атқарушы органдардың функцияларын орындаушылар жатады. Мемлекеттік органдарға нормативтік-құқықтық акт жобалары мен бюджеттік бағдарлама жобаларын жария талқылаудың басталғаны туралы ақпараттық хабарламаларды интернет-ресурста орналастыру жөніндегі талап енгізілді», — деді Ақпарат және қоғамдық даму министрі.

ҚазАқпарат

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде