jasqazaq.kz

Ахметжан Есімов «ЭКСПО-2017» көрмесіндегі қиындықтар жайлы айтып берді

10 маусым 2017, 17:10

«Астана ЭКСПО-2017» ҰҚ» АҚ Басқарма төрағасы Ахметжан Есімов халықаралық көрмені салуда біраз қиындақтар болғандығын айтты.

«Әрине, көрмені салуда аяғына дейін істелмеген жұмыстар болды. Бірақ көрме 100%-ға дайын. Біз экстремальды жағдайда жұмыс істедік. Көрмеге қатысты туындаған жанжалдан кейін басқа топты (компанияға – автор) жинауға тура келді. Жағдай өте қиын болды. Салдарынан құрылыс жұмыстарының мерзімі бұзылды», — деді ол.

Сонымен қатар Ахметжан Есімов «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіндегі нысандарды салуға Астананың қатал табиғаты да кедергі келтіргендігін айтты.

«Әсіресе, осы жылы қыста қар көп жауды. Мен Астанада ұзақ уақыт тұрдым. Біраз Алматыда тұрақтадым. Кейін қайтадан оралдым. Айтпағым, мен Астананың (ауа-райын – автор) жақсы білемін. Әсіресе, осы жылы қыста қар көп жауды. Көктемнің наурыз, сәуір айларында боран соқты. Ал мамырда тіпті кеше де қатты жел болды», — деді төраға.

Кейін «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының Басқарма төрағасы кеше ұйымдастырылған мерекелік концерт кезінде әртістер үшін қолайсыз жағдайлар болғандығын жасырмады.

«Мысалы, Конгресс орталығында қойылымды көрдіңіздер. Осы концертке дайындық басқа жерде ұйымдастырылды. Себебі, онда құрылыс жұмыстары жүріп жатты. Жалпы шараға дайындық барысында экстремальды жағдайлар болды. Бірақ кеше барлығы біз жоспарлағандай өтті», — деп түйіндеді сөзін Ахметжан Есімов.

Естеріңізде болса, «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясының бұрынғы басшысы Талғат Ермегияев Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық мамандандырылған сотының үкімімен 14 жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Сонымен қатар оған материалдық жауапкершілігі жоғары мемлекеттік лауазымды иеленуге өмір бойына тыйым салынды және «Парасат» ордені қайтарып алынған.
Ескерту!

Baq.kz сайтында жарияланған авторлық материалдардың барлық құқықтары қорғалған және ақпарат агенттігінің меншігі болып табылады. Көшіріп басу редакцияның рұқсатымен жүзеге асады. Материалды көшіріп басу кезінде Baq.kz сайтына төте сілтеме көрсету талап етіледі.

 

baq.kz

31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді