jasqazaq.kz

Ағасының мәйітін 7 ай сақтаған атыраулық әйел марқұмның қалай көз жұмғанын айтты (Видео)

30 қыркүйек 2021, 13:44

Нағашы ағасының мәйітін 7 ай сақтаған атыраулық Аида Ақберліқызы марқұмның қалай көз жұмғанын айтып берді. Бұл туралы КТК арнасының «Астарлы ақиқат» бағдарламасында айтылды.

Аида Ақберліқызының айтуынша, нағашы ағасы Сағынғали Ақберлиев 2011 жылдан бері бронхиалды астма және жүрек ишемиясы дертімен ауырған. Оған дейін арамызда араздық болған емес, деген Аида Ақберліқызы содан бастап қарияның тынымсыз, шыдамсыз, ашуланшақ, мазасыз болғанын айтады.

«Болмашы нәрсеге ашуланып, затты лақтырып қалатын. Маған тиген кездері болды. Мысалы, шай ішіп отырғанда кесені лақтырып жіберсе, жинап қоямын. Болды», – деді Аида Ақберліқызы.

Ол соңғы кездері атасымен қарым-қатынасының дұрыс болмағанын растап отыр.

«Атаның психикалық ауытқушылығына байланысты», – деп түсіндірді өзі.

Ағасының мәйітімен 7 ай бір үйде тұрған Аида Ақберліқызы марқұм көз жұмған күні қасында болмағанын айтады.

«Ол күні шарбақта болдым. Қолымда 30-ға жуық қойым, сиырым бар. Шамамен 15:30-да үйден шығып, 17:00-де қайтып келдім. Ұйықтап жатқандай болды.

Ол кісі күндізгі уақытта ұйықтайтын. Қозғаған жоқпын. Өзімнің шайымды іштім. Одан кейін қайта шаруашылыққа шығып кеттім. 20:00-де қайтып келдім.

Ас дайын болғанда, оятуға бардым. Сол кезде қайтып кеткенін білдім. Демалмай жатты. Қасына барып, көйлегінің алдын шешіп, үрлеп, массаж жасадым», – дейді Аида Ақберліқызы.

Ауылдастары үркіп отырған мұғалім нағашы ағасының 2 шілде күні қайтқанын айтты. Алайда көрші-қолаңның айтуынша, қария сәуір айынан бастап көрінбеген. Ал мамыр-маусым айларында үйдің айналасынан жағымсыз иіс шыққан.

Ал өліктің денесімен 7 ай бірге тұрған Аиданың өзі ешқандай иіс сезбегенін алға тартты.

«Иіс шықпаған сияқты. Өзім ішінде жүрген соң ба?! Қазір жалғыз қалғанымды енді түсініп жатырмын. Бұрын атаға қарап, жалғыз екенімді білмейтін едім.

Себебі үйге кіргенде, осы жерде атам жататын. Неге уақытылы айтпадым, ел ұқсап жерге көмбедім деп өкінемін. Ол кісінің алдында кінәлі сияқтымын», – дейді Аида Ақберлі.

Бұл ретте психолог Айгүл Алтайқызы психикалық ауытқушылығы бар адамдардың иіс сезбейтінін атап өтті.

«Олардың көз алдында елестер пайда болады, ішінде бір адам отырған сияқты, соның айтқанын істейді», – деді маман.

Аида Ақберліқызы Қызылорда қаласында туған. Айтуынша, биологиялық анасы Аиданы туған әпкесі Хамзияға берген. Аида әкесіз өскен, ал марқұм Сағынғали Ақберлиев оған қамқоршы аға әрі әке орнына әке болған.

54 жастағы Аида Ақберлі осы уақытқа дейін тұрмысқа шықпауының себебін «тағдыр» деп түсіндірді. Сөзіне қарағанда, жас кезінде кезіккен жігіттерді анасы ұнатпаған. Ал марқұм нағашысы отбасын құруына қарсы болмапты.

«Шықсаң, жолың ашық. Бірақ бұл үйде тұрмайсың. Әркімнің өз үйі болуы керек, – деп айтатын», – деді Аида Ақберлі.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия