jasqazaq.kz

Ағасы мен жеңгесін балтамен ұрып өлтірген

15 тамыз 2018, 15:55


 Өзбекстанның Самарқанд облысында жылжымайтын мүлік үшін таласып, ағасы мен жеңгесін балтамен ұрып өлтірген Бахтиёр Шукуров 22 жылға бас бостандығынан айырылды.

Самарқанд облыстық соты 12 тамызда Бахтиёр Шукуровты Қылмыстық кодекстің 97-бап, 2-тармағы («Бұрын жасаған қылмысын қайта жасап, қасақана кісі өлтіру») бойынша айыпты деп танып, 22 жыл жазасын қатаң режимдегі түрмеде өткізу жөнінде шешім шығарды. Оған рақымшылық жасалмайды. 14 наурызда Самарқанд облысының Пайшанба қаласында тұратын Бахтиёр Шукуров ата-анасының үйінен шығуын талап еткен 58 жастағы ағасы Абдукаххар мен 55 жастағы жеңгесі Максудты балтамен ұрып өлтірген. Бахтиёр Шукуровтің туыстары Озодлик (Азаттықтың өзбек қызметі) тілшісіне сот шешіміне көңілдері толатынын жеткізді. Олардың айтуынша, Шукуров 2003 жылдан 2014 жылға дейін «тонау» және «кісі өлтіру» айыбы бойынша түрмеде отырып шыққан. 2014 жылы Өзбекстан президентінің жариялаған рақымшылығы негізінде, ол бостандыққа шыққан.

КТК

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде