jasqazaq.kz

Ағайынды Рысқалиевтердің сыбайласы қамауға алынды

08 ақпан 2019, 17:40

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі шетелге қашып кеткен ағайынды Рысқалиевтердің сыбайласы өз кінәсін мойындап келгенін мәлімдеді. Бұл туралы ҚазАқпарат xабарлады.

Қоғаммен байланыс департаментінің директоры Арман Бердалиннің айтуынша, «BNB Contruction» ЖШС директоры бюджет қаржысын жымқырғаны үшін күдікке ілінген. Осыған байланысты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Атырау облыстық департаменті «BNB Contruction» ЖШС директорына қатысты қылмыстық істі тергеп жатыр. «Ол Атырау облысының бұрынғы әкімі Бергей Рысқалиевтің қылмыстық қоғамдастығы бақылауындағы тапсырыс берушілер мен мердігерлік және өзге де заңды тұлғалармен қосалқы мердігерлік келісімді рәсімдеу арқылы 6,6 миллиард теңге сомасындағы бюджет қаражатын жымқырды деп күдікке ілінді. 2018 жылғы 4 желтоқсанда күдікті кінәсін мойындап келді. Атырау облысының қылмыстық істер бойынша мамандырылған ауданаралық сотының шешімімен күдікті қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жария етілмейді», — деді А.Бердалин Астанада өткен баспасөз мәслиxатында.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық