jasqazaq.kz

Африкалық күйеу бала қамыр жайып, ет асты (Видео)

31 қантар 2022, 16:56

Нигериялық азаматқа тұрмысқа шыққан атыраулық Заида Жаңабаева күйеуінің ет аса алатынын айтып, мақтанды.

Жас келін күйеуінің ет асқанын instagram-дағы парақшасында жариялады, деп хабарлайды Экспресс К.

“Шеркештің жігіттері пысық деймін” деп жазған жас келін, күйеуінің етті өз қолымен дайындағанын видеоға түсірген.

Күйеу бала да “Саламатсыздар ма? Ассалаумағаликум” деп қазақша амандасып, бірден іске кіріседі. Тіпті ет асудың қыр-сырын әбден меңгеріп алса керек, етті тұзды суға жуып, қазанға салады. Ет әбден қайнап піскенше, нанын илеп жазады. Пысық күйеу бала оны қалай дайындайтынын да көрсетіп қойыпты. Осылайша қамыр илеп, нан жазып, келіншегіне ет асып берген күйеу бала желі оқырмандарын тәнті етті.

Олар “Мәләдес күйеу бала”, “Өлмейтін күйеу бала”, “жарайсың Джесси” “Керемет, бақытты болыңдар” деп жылы лебіздерін жаудырған. Тіпті қыз-келіншектер өздерінің бұлай нан илей алмайтынын айтыпты. “Нағыз қазақ болып алыпты өзі” деп таңқалғандар да жоқ емес. Ал енді біреулері “етке асқабақ пен сәбіз қосса дәмді болады” деп, ақыл айтқан.

Бұған дейін күйеу баланың ыдыс жуып, бар шаруаны өзі істейтінін жазған едік.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Zaida (@5rochka)

17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр