jasqazaq.kz

Африкада үш ресейлік журналисті өлтіріп кетті

01 тамыз 2018, 10:41

РФ СІМ Орталық Африка Республикасында журналистік құжаттары бар үш Ресей азаматының қаза тапқанын растады.

31 шілдеде Орталық Африка Республикасында үш журналистің қаза тапқаны белгілі болды. Сибю қаласына жақын маңда белгісіз қарулы адамдар тобы шабуыл жасап, ресейлік журналист Орхан Джемаль, оператор Кирилл Радченко мен режиссер Александр Расторгуевты өлтірген. «Орталық Африка Республикасынан түсіп жатқан ақпарат бойынша, 30 шілдеде Сибю қаласына жақын маңда (ОАР астанасынан солтүстікке қарай 300 км — Банги қ.) Кирилл Радченко, Александр Расторгуев және Орхан Джемаль есімдеріне берілген тек журналистік құжаттары ғана бар үш адам қаза тапты», — деп хабарлады РФ СІМ. Ведомствода аталып өтілгендей, Ресей дипломатиялық миссия қызметкерлері жергілікті құқық қорғау органдары мен үкіметтік құрылымдармен тығыз байланыс жасап, оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. «ОАР-дағы Ресей елшілігі өкінішке орай, елдің аумағына ресейлік журналистердің келгені туралы білмеген», — делінген хабарламада.

ҚазАқпарат

23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді