jasqazaq.kz

Адвокат Бурхан Жансейітов қаржылық мониторинг агенттігі қызметкеріне қол көтерген 

15 шiлде 2022, 17:06

Адвокат Бурхан Жансейітов құқық қорғау органдарының жұмысына кедергі келтіріп, арандату әрекетін ұйымдастыру кезінде қаржылық мониторинг агенттігінің қызметкеріне қол көтерген. Бұл туралы агенттіктің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Кеше Қаржылық мониторинг агенттігі рейдерлік басып алумен айналысқан адамдар тобына қатысты тергеу нәтижелерін жариялады. 12 шілдеде осы топтың мүддесін қорғаған адвокат Бурхан Жансейітов күдіктілерге жасырын бақылау жүргізілетіні туралы ақпарат алып, құқық қорғау органының қызметкерлеріне кедергі келтірді.

Атап айтқанда, ол мақсатты түрде арандату әрекетін ұйымдастырды. Б. Жансейітов жедел топтың қызметтік көлігіне тосқауыл болып, автокөліктің алдынғы дөңгелегін тесіп, терезесін сындырмақ болды. Ол мақсатты түрде қызметкерлермен жанжал туындатуға тырысты. Бурхан Жансейітов оқиға орнына келген полиция қызметкерлерінің талаптарына жауап бермеді, агрессия танытты. Сондай-ақ, ол Қаржылық мониторинг агенттігінің қызметкеріне қол көтерді. Б. Жансейітов аталған оқиғаны тергеуге кедергі жасау және жалған қоғамдық пікір қалыптастыру мақсатында ұйымдастырды. Оның жасаған әрекеттері билік органдары мен қоғамдық тәртіпке қарама-қайшы деп танылып, Б. Жансейітов қамауға алынды» — делінген Қаржылық мониторинг агенттігінің хабарламасында.

Сонымен қатар, Б. Жансейітов өзге де адвокаттарға олардың сыртынан құқық қорғау қызметкерлері аңдып жүргені туралы ақпарат таратқан. Қаржылық мониторинг агенттігі бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр