jasqazaq.kz

Адвокат алимент алып беремін деп жас қызды зорлап келген (Видео)

07 желтоқсан 2021, 17:10

Адвокат 21 жасар қызды 8 ай бойы зорлап, қорлық көрсетіп келген. Бағдарламада адвокаттың аудиожазбасы халықты шошытты.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Еуразия арнасының «KOREMIZ» ток-шоуына сілтеме жасап хабарлайды.

Алматы облысының тұрғыны Анар 18 жасында тұрмысқа шыққан. Балалы болған болған келіншек дәм-тұзы жараспай күйеуімен ажырасқан. Кейін одан заңды түрде алимент өндіріп алмақ болады.

Көп ұзамай ғаламтордағы сайттардың бірінде өзін адвокатпын деп таныстырған Әсет есімді азамат алимент алып беремін деп қызды құрығына түсірген. Қорғаушы өзін әр түрлі есіммен таныстырған. Отбасылы емеспін, басым бос деп алдаған.

— Басында сен сияқты қыздарға көмектесіп жүрмін, алимент алып беремін, тіпті тегін жасаймын деді. Кейін сен ұнайсың деп сезімін білдірді.

Анардың айтуынша, өзінен 18 жас үлкен адвокат осылай сенімге кіріп, кейін күш көрсетіп зорлаған. Артынша бұл ісін тұрақты түрде жалғастырып келген.

— 8 ай бойы зорлап келді. Есіктің алдына келіп, көлігінде зорлайтын.

Одан кейін бір күнде төрт еркекпен жыныстық қатынасқа түсіп, видеосын жібер деді. Айтқанын істемеген соң, екі досымен жыныстық қатынасқа түсуім керегін айтты. Оны да видеоға түсіріп жібер дейді, әбден қорлық көрген қыз.

— Өзімді өлтірмекші болдым. Сіңілілеріммен, ініммен, қызыммен қорқытты. Айтқанымды істемесең, оларды жоқ қылып жіберемін дейді.

— Шаруам жоқ, айтқанымды істейсің, деп адам шошырлық боқтық сөздер жіберді ватсап желісі арқылы, деді қорлық көріп, қорқып қалған бойжеткен.

Ал адвокаттың Анарға жіберген аудиожазбаларын естіген көрермен жағаларын ұстады. Осындай қорқытып-үркітуді үнемі естіген Анар амалсыз барлық айтқандарына көнуге мәжбүр болған көрінеді. Ең соңында өзіне қол жұмсауға бекінген. Ал полиция арызданғанымен нәтиже болмапты.

17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр