jasqazaq.kz

Адвокат Айман Омарова өзіне тіл тигізген прокурорды сотқа бермек

19 шiлде 2018, 16:42

Алматыда прокуратура қызметкері белгілі құқық қорғаушы Айман Омарованы кездесуге шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Айман Омароваға өзіне дұрыс жауап бермеген прокуратура өкілдері хабарласып, кездесуге шақырған. «Менімен бір адам байланысқа шықты. Прокуратура өкілімін деді. Кездесуге шақырды. Бірақ мен кездесуден бас тарттым. Маған ол кездесудің енді қажеті жоқ. Мұндай мазақ жауапты алғаныма 15 күн өтті. Осы уақытта тым болмаса бір рет хабарласып, қателесіп жібердік айтатын шығар деп ойладым. Сіздердің қоңырауларыңызға жауап бермейді, әрине. Олар не айтады? Бүкіл прокуратураның бет-бейнесін көрсете ме?», — деді Айман Омарова. Адвокат бұл мазақты бей-жай қалдыра алмайтынын айтты. Ол енді өзін қаралағандарды сотқа бермек. «Мұндай мазақтан соң не сезінуге болады? Сотқа беремін. Бұл ресми жауап электронды қолтаңбамен бекітілген. Жауапты клиентке қалай көрсетерімді білмедім. Ол әйел екі жыл бойы баласының өліміне кінәлілерді таба алмай жатыр. Бұл істе дәрігерлер кінәлі болуы мүмкін. Ал, олар маған осылай жауап қайтарады. Бұл жауапты мен 6 ай бұрын алғанмын. Бірақ «Пупкина Залупкинасыз»…. Бұл жақсы сөз емес екенін түсінемін. Бірақ дәл осындай мағына беретінін білгенде сұмдық болдым», — деді заңгер. Айта кетсек, мұның алдында белгілі құқық қорғаушы Айман Омарова көп уақыттан бері қызының өліміне айыптыларды таба алмай келе жатқан әйелдің ісі бойынша прокуратураға сауал жолдаған. Бостандық аудандық прокуратурасы Электронды үкімет порталы арқылы «Құрметті, Пупкина Залупкина!» деп ресми жауап қайтарған.

23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді