jasqazaq.kz

«Әдөн» лақап атымен белгілі қылмыстық топ мүшесі ұсталды

11 сәуiр 2018, 12:27

10 сәуірде Қызылорда облыстық ІІД ұйымдасқан қылмыстық топқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Алматы облысында Қызылорда қаласының тұрғыны Әділет Серікбаевты ұстады.

Полиция мәліметі бойынша, ол Әдөн лақап атымен белгілі ұйымдасқан қылмыстық топ мүшесі.
Бұл туралы ІІМ ресми өкілі Алмас Сәдубаев брифинг барысында айтты. Тengrinews.kz хабарлағандай, Қызылорда облыстық ІІД баспасөз қызметі осы іске қатысты толық мәлімет берді. «9 сәуірде Қызылорда облысы Ішкі істер департаментінің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Алматы облысы аумағында құқық қорғау қызметінен бой тасалап жүрген Серікбаев Әділет есімді облыс тұрғынын анықтап, ұстады. Полицияның жедел ақпаратына сәйкес, ол ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшесі болған және қылмыстық әлемде «Әдөн» есімді лақап атымен танымал болған. Аталған азамат құрықталып, Уақытша ұстау абақтысына қамаққа алынды», — делінген хабарламада.

Сөйтсек, 25 жастағы «Әдөн» ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы 3-бөлігі 2-тармағы 4 жылға бас бостандығынан айыру жайлы Қызылорда облысы сотының үкімінен кейін қашып кеткен өткен жылдың қараша айынан бастап іздеуде болған екен. Ол бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылып, бірнеше қылмысы үшін сотты болғанын да хабарлады Қызылорда облыстық ІІД өкілдері. Сурет Қызылорда облыстық ІІД баспасөз қызметінен Сондай-ақ Сәдубаев басқа да облыстарда болған қылмыстар бойынша есеп берді. «Оңтүстік Қазақстан облысы ІІД криминалдық полиция қызметкерлері бір тәулік ішінде 9 сәуірде Сарыағаш қаласында кісі өлтірді деп күдікке ілінген адамды ұстады. Ол кінәсін мойындады», — деді Алмас Сәдубаев. Мұнымен қатар, брифинг барысында елордалық полицейлер гүл сататын дүкендерге аз уақыт ішінде бірнеше рет қарақшылық шабуыл жасаған жергілікті күдікті ұсталынып, уақытша қамау изоляторына қамалды. Алматы қаласында да қарақшылық шабуыл жасаған Алматы облысының екі тұрғыны күдікке ілініп, Талдықорған қаласында ұсталған.

23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді