jasqazaq.kz

Әділет министрлігі: Шетелге шығарылған 530 млн доллар елге қайтарылды

11 ақпан 2022, 13:16

Былтыр Әділет министрлігі шетелге шығарылған 530 млн доллар елге қайтарылуына себепкер болған.

Вице-министрі Азамат Әмірғалиев ведомствоның кеңейтілген алқа мәжілісінде осындай ақпарат айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«460 млн доллардан астам сомаға мемлекет мүддесі қорғалып, екі дау бойынша 530 млн доллар елге қайтарылды», — деді вице-министр.

Айтуынша, Әділет министрлігі тарапынан авторлық құқықпен қорғалатын туындыларға 8 мыңнан астам куәлік, ал өнеркәсіптік меншік объектілеріне 12 мыңнан астам қорғау құжаты берілген. «2021 жылға арналған республикалық бюджеттен министрлікке 53 миллиард теңгеден астам қаржы бөлініп, ол толығымен игерілді», — деп түйіндеді Азамат Әмірғалиев.

Аталмыш жиында сот орындаушылардың өндірісінде жалпы көлемі 9 трлн теңгеден асатын 6 млн 760 642 құжат бар екені айтылды.

«Сот орындаушылардың өндірісінде жалпы көлемі 9 трлн теңгеден асатын 6 млн 760 642 құжат бар. Бұл 2020 жылмен салыстырғанда 30% көп. Шамамен 300 млрд теңге болатын 2 млн 349 166 құжат толық орындалды. Бұл – өндірістегі құжаттардың 74%-ы», -дейді Әділет министрінің орынбасары Азамат Әмірғалиев.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде