jasqazaq.kz

Адамзаттың мүддесіне сай жоба

19 қыркүйек 2017, 17:15

19 қыркүйекте Қытайдың Дұңхуан қаласында «Бір белдеу, бір жол» атауыменБАҚ ынтымақтастығы форумы өз жұмысын бастады.Үш күнге созылатын форумға сандық экономика, ақыл-ой өндірісі, мәдени-туристік индустрия және өзге де тақырыптар арқау болмақ. Биыл төртінші рет өткізіліп отырған басқосуды ұйымдастырушы –қытай еліндегі жетекші басылымның бірі  саналатын «Жэнмин Жибао» газеті. Медиа жиынға 127 елден келген 300-ден астам БАҚ өкілдері, саяси қайраткерлер, кәсіпкерлер мен сарапшылар қатысуда. Біздің елімізден барған делегация ішінде «Жас қазақ» газетінің бас редакторы Срайыл Смайыл бар.

 Форумның ашылу рәсімінде сөз сөйлеген «Жэнмин Жибао» газетінің басшысы Ян Чжоу «Бұқаралық ақпарат құралдары көптеген маңызды саланы қамтитын кең ауқымды «Бір белдеу, бір жол»  жобасына зор ықпалын тигізуде. Сондықтан «Жэнмин Жибао» газеті өз тарапынан медиа достардың санын көбейтуге ұмтылады. Біз бұдан былай да ақпарат серіктестігі мен  өзара тиімді ақпарат платформаларын құруға, бірлескен репортаж  немесе өзге де медиаөнімді дайындап, таратуға мүдделіміз. Ал біздің БАҚ-қа арналған дәстүрлі жиынымыз жаңа идеялар табуға және ынтымақтастықты дамытуға септеседі» деді.

Еске түсірсек, 2013 жылы ҚХР төрағасы Си ЦзинпинЖібек жолының Экономикалық белдеуі  бастамасын көтеріп, оны Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев қолдаған болатын.

Халық өкілдерінің Бүкілқытай жиыны тұрақты комитеті төрағасының орынбасары Чжан Пиннің айтуынша, бұл бастама қатысушы елдердің экономикалық және технологиялық дамуына ғана емес, әлемдік қақтығыстарды шешуге ықпал етуге бағытталады.

«Көп мемлекет қолдаған бұл маңызды жоба адамзаттың бүгінгі мүддесіне сай. Бұл тек Қытайдың ғана жоспары емес, сонымен бірге халықаралық қауымдастықты өркендетуге ықпал ететін жоспар», — деп атап көрсетті Пин мырза. Осы орайда аймақтар мен әлем елдері арасында өзара түсіністік пен мәдени байланыс орнатуда БАҚ ерекше роль атқарады.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде