jasqazaq.kz

Адамшошырлық қылмыс жасаған ресейлік видеоға түсіп қалды

07 қараша 2017, 11:00

Полиция тұтқындаған сәтте қояншығы ұстаған ер адамның өзі де сол жерде мерт болды. Ресейдің Свердлов облысында екі әйелді өлтіріп, бөлшектеп тастаған ер адам полицияның тұтқындауы кезінде көз жұмған.

Ер адамның соңғы сәтінің видеосын E1.ru жариялап отыр. Видеороликте ес-ақылы дұрыс емес адам бір әйелді тап жолдың ортасында өлтіріп, өтіп бара жатқан көлікке секіреді. Жүргізіші мен жолаушы не болып жатқанын бірден түсіне алмаған.

Оқиға 4 қарашада болған. 45 жастағы ес-ақылы дұрыс емес ер адам Кедровка ауылына анасына қонаққа келген. Алдымен ол «Фортуна» атты теміржол дүкенінің 57 жастағы сатушысын өлтірген. Алдын ала болжам бойынша, ер адам әйелдің омырауын кесіп тастаған, қарнын жарып, бас терісін сыпырып алған. Екінші әйелді ол дүкеннен шыға бере қуып жетіп, оны да аяусыз өлтірген. Оқиғаға куә болғандар ер адамды ұстамақ болғанымен, оны тек полицейлер ғана тоқтата алған. Полициця оны тұтқындаған сәтте ер адамның қояншығы ұстап, жедел жәрдем жеткенше көз жұмған.

https://youtu.be/nTI-Bacz_Hg

tengrinews.kz

Бүгін, 14:41
Тарих тұңғиғы, тағдыр тәлкегі және «ТАЙТҰЯҚ» алтын
Бүгін, 13:54
Олжас Сапарбеков: Экономиканың энергия сыйымдылығы 4,1 пайызға төмендеді
Бүгін, 12:42
Данияр Жанжұменов: Әскери бөлімдерде тәуелсіз әскери кеңесшілер институты құрылады
24 қараша, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
24 қараша, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде