jasqazaq.kz

Адамды автокөлік төбесіне отырғызып тасыған жүргізуші жазаланды (видео)

05 желтоқсан 2021, 16:21

Әлеуметтік желіде жас жігіттің жол талғамайтын көліктің төбесіне тұрып, би билегені түсірілген видео пайда болды. Заң бұзушылыққа жол берген көлік иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Бұл туралы Алматы қалалық ІІД бастығының орынбасары Рустам Әбдірахманов мәлімдеді.

«Мерседес-Бенц автокөлігінің жүргізушісі 1987 жылы туған азамат екені анықталды. Азамат ҚР ӘҚБтК-нің 593-бабының 1-бөлімінде («Жолаушыларды тасымалдау ережелерін сақтамау») қарастырылған әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін жауапкершілікке тартылды”, — деп жазды Рустам Әбдірахманов.

Енді жол талғамайтын көлік иесі бес АЕК – 14 585 теңге (шамамен 33 доллар) айыппұл төлеуі керек.

Сондай-ақ Әбдірахманов видеоның екінші қатысушысы – көліктің төбесінде тұрған жас жігітке қатысты тексеру жалғасып жатқанын түсіндірді. Ол да әкімшілік жауапкершілікке тартылуы мүмкін.

Еске салайық, 30 қарашада әлеуметтік желілерде жас жігіттің көліктің төбесінде тұрып Алматы көшелерімен жүріп өткен видеосы пайда болды. Қалалық полицейлер жол ережесін бұзғандарды тауып, жазалауға уәде берген болатын.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Рустам Абдрахманов (@rustam.abdrakhmanov_)

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде