jasqazaq.kz

Адамдарға шабуыл жасаған сиырды полицейлер атып өлтірді

19 сәуiр 2019, 17:26

Алматы облысында полицейлер сиырдың әйелді сүзіп, басқа да адамдардың денсаулығына және өміріне қауіп төндіргеннен кейін атып тастаған, — деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға 18 сәуірде Жамбыл ауданы Қайназар ауылында болған. Полицейлер сиырдың әйелді мүйізімен көтеріп алып, өз бойынан асырып лақтырып жібергеніне куә болған. Олар зардап шеккен әйелді дереу медициналық пунктке жеткізіп, құтырған жануарды тынышталдырмақшы болған. «Сиырды бордақылап, соймақшы болған, алайда жануар тура пышақ алдына келгенде қашып кетіп, адамдарға қарай шабуылдаған. Көшеде бірнеше адам болған, олардың арасында балалар да бар. Құтырған жануар адамдарға шабуылдап қана қоймай, мүйізімен екі көлікті сырған. Кейінірек құқық қорғау органдарының өкілдері оны адам жоқ жерге айдаған. Адам өміріне қауіп төндіргенін ескере отырып, полицейлер иесінің рұқсатымен сиырды атып тастаған», — деді Алматы облыстық полиция департаментінің өкілдері. Зардап шеккен әйелдің жағдайы дұрысталып, ауруханадан шықты. Мал иесінен түсініктеме алынды және сиыр сою үшін арнайы орын бар екенін ескертілді. «Оқиға орнына келген аудандық ветерирария мамандары тексеру нәтижесінде сиырдан ешқандай құтыру белгілерін таппаған», — деді ведомство өкілдері.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда