jasqazaq.kz

Адамдарға пышақ ала жүгірген ер адам психдиспансерге жеткізілді

10 қантар 2020, 10:38

Алматыда психиатриялық диспансерде есепте тұрған ер адам дүкеннің сатушысы мен өтіп бара жатқан адамға пышақ ала жүгірген. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

Оқиға 8 қаңтар күні Достық шағынауданында орналасқан базарда орын алған. Алматы қаласы Әуезов ауданы полиция басқармасының кезекші бөліміне жасы шамамен 25-30-дағы ер адамның кетіп бара жатқанға және дүкен сатушысына пышақ ала ұмтылғаны туралы хабарлама келіп түсті. «Жедел іздестіру шарасын жүргізу кезінде күдікті ретінде ер адам ұсталды. Ол 2011 жылдан бастап психиатриялық диспансерде «параноидтық шизофрения» диагнозымен есепте тұрған. Жедел медициналық жәрдем бригадасы пышақпен шабуыл жасаған ер адамды Алматы қаласының «Психикалық денсаулық орталығына» жеткізді», — деп хабарлады полицияда. Аталған факті бойынша қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бойынша ҚР ҚК 293-бабының 3-бөлігінің 2-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде