jasqazaq.kz

Адамдарға қарсы оқ атуға бұйырған полицей жұмыстан босатылды

14 мамыр 2020, 17:05

Павлодар облысында түсірлеген видеодағы жәй киім киген полиция қызметкері қызметтен қуылды.

Полиция қызметкерлері бір топ ер адамды ұстауға келген кезде түсірілген видео қоғамның наразылығын туғызды. Олар барлығы қақтығыса кетіп, ақыры ауаға оқ атылған. Павлодар облыстық ПД баспасөз қызметі хабарлағандай, Қалқаман ауылы маңындағы жылжымалы блок-бекетке ауыл тұрғындары келіп, шикізат — «микросфераны» құжатсыз алып өтуге бола ма деп сұрап, оған рұқсат етілмейтіндігі туралы жауап алады. Нәтижесінде 13 мамырда осыған наразы Береке ауылының 30-ға жуық тұрғыны келеді.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, олар «полиция қызметкерлерін ұрып, мүліктеріне зиян келтіреміз» деп қорқытқан, содан кейін бұл арадан кетулерін талап еткен. Бұған жауап ретінде полиция арнайы құралдарды қолданып, ескерту оғын атқан.

Желі қолданушыларын жәй киімдегі полиция қызметкерінің әрекеті наразылық туғызған. Ол шиеленісті одан сайын ушықтыра түсіп, өзін агрессивті ұстап, тіпті «оқ атуға» бірнеше рет бұйрық берген.

Бұл қызметкерге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 361-бабы, 1-бөлігі, яғни «Қызметтік өкілеттіктерін асыра пайдалану» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, ол қызметінен аластатылды, деп хабарлады облыстық ПІД-нің баспасөз қызметі.

zakon.kz

21 қазан, 16:13
Руслан Айтанов: Экологиялық ахуалды жақсарту – басты басымдық
17 қазан, 15:29
Shymbulaqta Shyrshaly экологиялық жобасы аясында 560 түп Тянь-Шань шыршасы егілді
16 қазан, 21:11
Көкжайлау: Алматыдағы экологиялық туризмнің экономикалық әлеуеті
13 қазан, 12:25
Айдана Қасен: Қалдықтарды сұрыптау – экологиялық мәдениеттің маңызды бөлігі
12 қазан, 13:04
Әуесбек Опабек: Шымкентте экология мен жайлы ортаға басымдық берілуде
09 қазан, 13:42
Шымкентте жасанды интеллект полиция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталуда
07 қазан, 15:02
Ұстанымы ұқсас Оман
06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова
05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі