jasqazaq.kz

Адам ұрлағандар қолға түсті

13 маусым 2020, 13:58

Күдіктілер қала тұрғынын көлікке мінгізіп алып, көпқабатты үйдегі пәтерлердің бірінде қорқытып, 1 миллион теңге талап етті. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

Ақтөбе облыстық полиция департаментіне 28 жастағы қала тұрғыны арыз түсірген. Арызда ол өзін ұрлап, белгісіз адамдардың ақша талап еткенін жазды.

«Жәбірленуші көрсеткен мекенжайда үш ер адам мен бір әйел адам ұсталды. Күдіктілерден ОСА травматикалық тапаншасы, «Мерседес» көлігінен пышақ пен травматикалық қару тәркіленді. Алдын ала белгілі болғаны, жәбірленуші інісімен қаланың ескі бөлігінде жүрген. Сол кезде белгісіз біреулер екі көлікпен келіп, тапанша тақап, машинаға отырғызып, жалдамалы пәтерге апарған. Сол жерде ұрып-соғып, 1 миллион теңге талап етеді. Таң ата бәрі ұйқыға кеткенде жәбірленуші үшінші қабаттағы балкон арқылы секіріп, қашқан. Бірден облыстық полиция департаментіне келіп, мән-жайды айтып берді» деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Айта кетейік, қазір Қылмыстық кодекстің «Адам ұрлау» бабы бойынша бірнеше сараптама тағайындалды. Үш ер адам ұсталып, қамалды.

13 қазан, 12:25
Айдана Қасен: Қалдықтарды сұрыптау – экологиялық мәдениеттің маңызды бөлігі
12 қазан, 13:04
Әуесбек Опабек: Шымкентте экология мен жайлы ортаға басымдық берілуде
09 қазан, 13:42
Шымкентте жасанды интеллект полиция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталуда
07 қазан, 15:02
Ұстанымы ұқсас Оман
06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова
05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі
02 қазан, 13:16
Кино – тарих сөйлейтін тіл
01 қазан, 14:17
Шымкенттің мәдени өмірі жанданып келеді
30 қыркүйек, 20:17
Шымкент: Өрісі кеңейген өңдеу өнеркәсібі