jasqazaq.kz

Адам саудасымен айналысқандар сот алдына келді

05 қараша 2018, 12:40

Алматы облысының № 2 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында сәби сатпақ болғандардың ісі қаралып жатыр. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

Сот алдында отырған бес адамның бірі дәрігер, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Алматы облыстық сотының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, Қарасай аудандық орталық ауруханасында бала сатпақ болған дәрігер мен тазалық қызметшісі, сәбидің анасы мен әжесі, сондай-ақ сатып алушы ҚР ҚК-нің 135-бабы 2-бөлігінің 1-інші және 12-тармақтары бойынша («Кәмелетке толмағандар саудасы») айыпталуда. Алғашқы сот процесі жабық режімде өтті.

Келесі сот отырысы 9 қарашаға белгіленді.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық