jasqazaq.kz

Адам саудасымен айналысқан қазақстандықтар сотталды

01 маусым 2020, 14:18

Бахрейнде қазақстандық қыздарды саудаламақ болған қылмыстық топтың мүшелері ұсталды. Бұл туралы gdnonline.com cайтына сілтеме жасап tengrinews.kz хабарлады.

Дереккөз мәліметінше, адам саудасымен айналысқан қылмыстық топтың мүшелері түрмеге қамалды.

«Заңсыз топты Бахрейнде тұратын 39 жастағы ер адам басқарған. Оған төрт қазақстандық әйел көмектескен. Тағы үш бахрейндік пен Үндістаннан келген бір ер адам болған«, — деп жазады басылым.

Жоғарғы соттың үкімімен барлық 9 адам айыпты деп танылды. Олар адамдарды саудалап, секс-құлдықта ұстады деп айыпталды. Сот 4 бахрейндік пен екі қазақстандық әйелді жеті жылға, Үндістаннан келген ер адамды үш айға, тағы екі қазақстандық әйелді екі айға бас бостандығынан шектеді.

Сондай-ақ, бахрейндік екі ер адамға және қазақстандық екі әйелге 2000 бахрейндік динар мөлшерінде (2,2 миллион теңге) айыппұл салынғаны айтылады.

Бұдан бөлек, қылмыстық топ мүшелерінен 219 миллион теңге мөлшерінде ақша тәркіленгені айтылады. Олар ол ақшаны есірткі сатумен айналысқанда тапқан.

Еске салайық, осыған дейін Бахрейнде 20-дан аса қазақстандық қыздың сексуалдық құлдықта болғаны хабарланған еді. «Қазақстанның Сауд Арабиясындағы Елшілігінің жәрдемімен Бахрейн полициясы 21 ҚР азаматшаларын сексуалдық құлдықтан босатты. Жақсы жалақы алу уәдесіне сенген жас қыздар Бахрейнге қонақүйде қызмет көрсету саласында жұмыс жасауға келген. Алайда келген бойда күтіп алушылар құжаттарын тартып алып, жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген. Бағынбаған жағдайда күш көрсеткен», — делінген еді хабарламада.

21 қазан, 16:13
Руслан Айтанов: Экологиялық ахуалды жақсарту – басты басымдық
17 қазан, 15:29
Shymbulaqta Shyrshaly экологиялық жобасы аясында 560 түп Тянь-Шань шыршасы егілді
16 қазан, 21:11
Көкжайлау: Алматыдағы экологиялық туризмнің экономикалық әлеуеті
13 қазан, 12:25
Айдана Қасен: Қалдықтарды сұрыптау – экологиялық мәдениеттің маңызды бөлігі
12 қазан, 13:04
Әуесбек Опабек: Шымкентте экология мен жайлы ортаға басымдық берілуде
09 қазан, 13:42
Шымкентте жасанды интеллект полиция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталуда
07 қазан, 15:02
Ұстанымы ұқсас Оман
06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова
05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі