jasqazaq.kz

Адал болсаң, Алладан қайтады

10 шiлде 2019, 10:58

Нұр-Сұлтан қаласында 2017 жылы көшеден 5 млн теңге тауып алып, иесіне қайтарып берген Ұлттық ұлан қызметкері Нұрсұлтан Әміров ойда жоқта баспаналы болды. 

Бүгінде баспана мәселесі жөнінде көптеген кеңес беріп жүрген журналист әрі экономист Дәулет Мұқаевтың Instagram желісінде 170 мың оқырманы бар. Ол таяуда оқырмандарының арасында ұтыс ойнатып, бас жүлдеге Елордадан бір бөлмелі пәтер тіккен еді. Ұтыстың қорытындысы бойынша, құны 15 млн 500 мың теңге тұратын пәтерді перзентханадан таяуда ғана шыққан келіншек ұтып алған.

«Ол лоторея билетін алғанын күйеуіне айтпаған екен. Күйеуі естіп қуанып жатқан шығар. Бір қызығы, күйеуі – Нұр-Сұлтанда Ұлттық ұланның сарбазы болып жүргенде (2017 жылы) елорда көшесінен 5 млн теңге тауып алып, иесіне табыстаған. Бұл туралы кезінде жаңалықтардан оқыған едік. Міне, енді сол адал ниеті, дұрыс қадамы Нұрсұлтанның отбасына үш еселеніп қайтты. Ниетіне қарай берген баспанасының құтты мекен болуына тілекшімін.

Бұл дүниеде не жасасақ та, өзімізге қайтады. Ниетіміз қандай болса, соның жауабын аламыз», — деп жазды Нұрсерік Жолбарыс.

Еске сала кетсек, 2017 жылы Ұлттық ұлан сарбаздары көшеден 5 миллион теңге тауып алып, иесіне қайтарып берген еді.

Stan.kz

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда