jasqazaq.kz

Абылай ханның ескерткішінің эскиздік жобасы

06 қыркүйек 2019, 11:54


Абылай ханның ескерткішінің эскиздік жобасын «Қазақстан Барысы» даму қоры Қамқоршылар кеңесінің төрағасы Арман Шораев өзінің Facebook-тегі парақшасында көрсетті.

Ескерткіштің іргетасы ретілде пайдаланылатын ғимаратта мұражай экспозициясы, конференц-зал, көрме залы және тағы басқалары орнатылады деп жоспарланып отыр. Монументтің жалпы биіктігі – 54 метр. Ханның асатаяғында айналаны тамашалайтын алаңға шығатын лифт орнатылады.


Абылай ханның мүсіні тот баспайтын болатпен қапталады деп жоспарланып отыр.
«Мұның эскиздік жоба екенін ескере отырып, жобаны арзандату және эстетикасын жақсарта түсу мақсатында кәсіби сәулетшілерден кәсіби тұрғыда ұсыныстар мен пікір алғым келеді», — деп жазды Арман Шораев.

Сондай-ақ, ол мұндай жобалар елімізге ұлттық сана-сезім мен отансүйгіштікті арттыру элементі, сонымен қатар ішкі және сыртқы туризмді дамыту тетегі ретінде қажет деп сенім білдірді.
«Мұндай мемориал далалықтардың ұлы билеушілерінің бірін еске алуға арналған құрмет ретінде қажет екеніне сенімдімін. Абылайдың арқасында жоңғарларға күшті қарсылық көрсеті және біздің ата-бабаларымыз территорияны бақылауға алып, этнос ретінде сақталды», — деп атап өтті «Қазақстан Барысы» даму қоры Қамқоршылар кеңесінің төрағасы.

baq.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде