
Отандық актер Әбунасыр Серіков пен Шырын Нарчаеваның дауына қатысты тың дерек шықты. Олардың видеосы бірнеше күн бұрын әлеуметтік желіде тараған еді. Бұл туралы «Той-думан» арнасы хабарлады.
Бағдарламаның хабарлауынша, актерлер фильмге толық түсіп шыққан.
Шулы видеоның егжей-тегжейін актер Сәбит Рахымбаев түсіндіріп берді. Айтуынша, Әбунасыр Серіков пен Шырын Нарчаеваның арасында шын мәнінде кикілжің болған. Бірақ түсірілімнің соңында.
Ал бұл видеоны желіге кім салып жібергенін тіпті білмейтін болып шықты.
«Бұл оқиға бұрын орын алған. Алайда видеоны желіге жуырда салыпты. Кім оны істегенін білмеймін. Өйткені ешкім мойындамайды.
Бұл қара пиар емес. Күтпеген жағдай болды. Барлығы шешіліп, сол оқиғадан кейін олар бір алаңда кездескен жоқ», — деді Сәбит Рахымбаев.